Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Баянауылда жаңа визит-орталық ашылып, туристік инфрақұрылым жаңартылып жатыр

Баянауылда жаңа визит-орталық ашылып, туристік инфрақұрылым жаңартылып жатыр

Биыл курорттық аймаққа келетін туристер саны 300 мың адамға дейін жетеді деп күтілуде

QazMonitor Logo
Фото: Павлодар облысының әкімдігі
Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Баянауылда заманауи Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды, деп хабарлайды QazMonitor Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа нысан өңірдің туристік инфрақұрылымын жаңғырту аясында іске қосылып, ұлттық паркке келушілерге арналған негізгі ақпараттық және навигациялық орталық қызметін атқарады.

Аумағы 740 шаршы метр болатын кешенде туристік бағыттардың цифрлық картасы бар интерактивті аймақ, музей кеңістігі, конференц-зал, коворкинг, трансформер-кітапхана, кофехана, ана мен бала бөлмелері және демалыс аймақтары орналасқан.

Визит-орталықтың ерекшелігі – жасанды интеллект технологияларын пайдалану. Заманауи мультимедиялық шешімдер арқылы келушілер Баянауылдың табиғаты, тарихы мен мәдени мұрасымен интерактивті форматта таныса алады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.