Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. The Week Астананы Орталық Азияның футуристік астанасы ретінде таныстырды

The Week Астананы Орталық Азияның футуристік астанасы ретінде таныстырды

Астана футуристік сәулетті ұлттық мәдениет пен дәстүрмен ұштастырған озық елорда ретінде көрсетілген

QazMonitor Logo
Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

The Week халықаралық басылымы Астананы Қазақстан мен Орталық Азияның заманауи жəне қарқынды дамып келе жатқан астанасы ретінде таныстыра отырып, «Explore Astana, Kazakhstan's futuristic capital» мақаласын жариялады. Аталған жарияланым «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ, Visit Astana жəне Visit Aqmola қолдауымен дайындалды.

Басылымда Астананың көрікті жерлері мен Бурабай ұлттық паркі, заманауи гастрономиялық сахна, серуендеу бағыттары, сондай-ақ қалада жəне одан тыс жерлерде демалу мүмкіндіктері ұсынылған. Мақалада Астана футуристік сәулетті ұлттық мәдениет пен дәстүрмен ұштастырған озық елорда ретінде көрсетілген.

The Week бетінде жарық көрген мақала бас қаланың халықаралық танымалдылығын арттырып, елорданы ағылшын тілді оқырмандар арасында саяхат үшін тартымды бағыт ретінде танытуға ықпал етеді.

Анықтама:

The Week — 300 мыңнан астам оқырманы және күнделікті email-ақпаратнамасына 275 мыңнан астам жазылушысы бар халықаралық жаңалықтар медиасы әрі апталық журнал. Басылым 200-ден астам халықаралық және жергілікті дереккөзді жинақтап, талдау арқылы оқырманға сараланған мәнмәтін мен әртүрлі көзқарастарды ұсынады. Туристік бағыттарды ілгерілетудегі медианың басты құндылығы — халықаралық оқиғаларға, экономикаға, мәдениет пен әлеуметтік үрдістерге қызығатын аудиторияны қамтуында.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.