Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Астанада VII «ASTAUFEST» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр

Астанада VII «ASTAUFEST» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр

Байқауға Қазақстан мен шетелден 30-дан астам білім беру ұйымының 200-ден астам өкілі қатысып жатыр

QazMonitor Logo
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада VII «ASTAUFEST» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр. Үш күнге созылатын байқауға Қазақстан өңірлерінен және алыс-жақын шетелдерден 30-дан астам білім беру ұйымының 200-ден астам өкілі қатысып, үздік атану үшін бақ сынайды, деп хабарлайды QazMonitor Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана қаласындағы «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ұйымдастыратын дәстүрлі іс-шараның негізгі мақсаты – елорданың гастрономиялық әлеуетін таныту, мейрамхана индустриясын дамыту және насихаттау, сондай-ақ қонақжайлылық мәдениетін қалыптастыру.

Фестиваль қазақтың ұлттық тағамдарын дәріптеуге, ұлттық аспаздық дәстүрлерді кеңінен танытуға және оларды заманауи гастрономиямен ұштастыруға бағытталған. Сонымен қатар іс-шара отандық аспаз өнерін дамытуға және мамандар арасында тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Байқауға Қытай, Франция, Түркия, Кипр, Швейцария, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген 13 халықаралық сарапшы төрелік етеді. Бұл қатысушыларға кәсіби шеберлігін халықаралық деңгейде бағалап, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.