Қазақстан көлік министрлігі халықаралық әуе қатынастарын кеңейту және рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.
Осы жұмыстар аясында 2025 жылғы 15 желтоқсаннан бастап «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Тбилиси бағытында жаңа рейсті іске қосты. Рейстер аптасына екі рет: дүйсенбі және жұма күндері, «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737–800» әуе кемелерімен орындалады.
Жаңа әуе қатынасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ саяхатшылар мен бизнес өкілдері үшін қосымша ыңғайлы мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
Дереккөз: ҚР Көлік министрлігі