Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Алматы инклюзивті туризмге бет бұрды: көрікті жерлердің тактильді үлгілері орнатылды

Алматы инклюзивті туризмге бет бұрды: көрікті жерлердің тактильді үлгілері орнатылды

Қаладағы бес мәдени нысан ерекше қажеттілігі бар туристер үшін қолжетімді бола түсті

QazMonitor Logo
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда инклюзивті туристік ортаны дамытуға бағытталған жаңа жоба жүзеге асырылды. Қаладағы мәдени және тарихи маңызы бар бес нысанның тактильді үлгілерін әзірлеу және орнату жұмыстары толық аяқталды. Бастама ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін туристік инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруды көздейді.

Қолмен сезіп тануға арналған үлгілер Вознесенск шіркеуі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, Алматы музейі және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы үшін дайындалды. Бұл шешім зағиптарға қаланың көрікті орындарын тактильді түрде қабылдауға мүмкіндік береді.

Жоба инклюзивті ортаға бейімделген шағын сәулет нысандары тұжырымдамасы аясында іске асырылды. Тактильді құрылымдар қаланың тарихи-мәдени мұрасына нұқсан келтірмей, сәулеттік ерекшеліктерді сақтай отырып жобаланған.

Тактильді үлгілердің үшеуі ғимараттардың кіреберіс аймақтарына, ал екеуі ішкі кеңістікке орналастырылған. Барлығы нысандардың сәулеттік стиліне сай үстелше форматында жасалып, беткі бөлігінде 3D-басып шығару технологиясымен әзірленген көлемді модельдер орнатылған. Құрылымдар антивандалдық сипатқа ие және әртүрлі ауа райы жағдайларында пайдалануға бейімделген.

Алматы әкімдігі жобаны іске асыру арқылы қалада қолжетімді туристік орта қалыптастыру, қалаға келушілер үшін жайлылықты арттыру және инклюзивті туризмді дамытуды көзделіп отыр.

Бұған дейін Mastercard деректері шетелдік туристердің Алматыдағы танымал орындарға қызығушылығы жоғары екенін көрсеткен. Олардың қатарында Көктөбе, Вознесенск шіркеуі, Орталық мемлекеттік музей, Көк базар және Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі бар.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.