Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қарағанды облысында домофондар қылмыскерлерді табуға көмектемеді

Қарағанды облысында домофондар қылмыскерлерді табуға көмектемеді

Бір жылда бейнебақылау арқылы 268 іздеудегі адам анықталған

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Қарағанды облысында қылмыскерлерді іздеуге арналған бет-әлпетті тану жүйесін кеңейту жоспарланып отыр. Өңірде соңғы бір жыл ішінде бейнебақылау камералары арқылы іздеуде жүрген 268 адам анықталған, деп хабарлайды QazMonitor.

Облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мәліметінше, бүгінде өңірде шамамен 4 мың бейнебақылау камерасы орнатылған. Соның ішінде 100-ге жуық камера Ішкі істер министрлігінің және КИРЕБ іздеу базаларымен интеграцияланған. Аталған жүйе нақты уақыт режимінде бет-әлпетті тану арқылы деректерді салыстырып, іздеудегі тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Басқарма басшысы Константин Ильницкийдің айтуынша, жүйені кеңейту аясында тұрғын үйлерде орнатылған қалалық бейнедомофондарды қосу көзделіп отыр.

«Бейнедомофондар оңтайлы биіктікте және маңызды нүктелерде орналасқан. Жүйеге тұрақты бейнежазба қажет емес - бет-әлпеттің цифрлық коды оқиғаның сәтінде анықталады да, қосылған әліметтер базаларымен салыстырылады», деді Константин Ильницкий.

Оның айтуынша, бет-әлпетті тану технологиясын қолдану бойынша пилоттық жоба екі тұрғын үй кешенінде іске қосылған. Биыл жүйені өңірдегі өзге де тұрғын үй нысандарына кезең-кезеңімен кеңейту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.