Быилғы жылдың жылдың 2 маусымынан бастан Астанадан Қытайға жаңа әуе бағыты ашылады, деп хабарлайды QazMonitor.
Көлік министрлігі мәліметінше, ведомство ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді.
Атап айтқанда «Air Astana» әуе компаниясы Қытайға жаңа әуе бағытын – Астана – Гуанчжоу маршрутын ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет «Airbus A321LR» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады деп жоспарланған.
Екі ел арасындағы әуе қатынасының ашылуы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіліп отыр.