Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Биыл Алматыда 1000-нан астам жәрмеңке өтеді

Биыл Алматыда 1000-нан астам жәрмеңке өтеді

Демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкелері қай жерде өтеді?

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

2026 жылы Алматыда 1000-нан астам жәрмеңке өткізу жоспарланған, деп хабарлайды QazMonitor.

Былтыр мегаполистің Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу және Медеу аудандарының аумағында демалыс күндері 430 жәрмеңке өткізілген. Биыл жәрмеңкелер санын 2,5 есеге ұлғайту көзделіп отыр. Осыған байланысты 2026 жылдың соңына дейін 1000-нан астам жәрмеңке өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, Түркістан, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының фермерлері қатысатын кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастырады, делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта. Басымдық жаңа піскен көкөніс өнімдерін жеткізуге беріледі.

Жәрмеңкелер қай жерде өтеді?

Алмалы ауданында Масанчи көшесі (Гоголь көшесі мен Әйтеке би көшесінің аралығы);

Әуезов ауданында Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);

Бостандық ауданында «Қазақфильм» ш/а, Исиналиев көшесі;

Жетісу ауданында «Құлагер» ш/а, ХҚКО мен әкімдік ғимараты арасындағы автотұрақ;

Медеу ауданында Меңдіқұлов бульвары (Бектұров көшесінің қиылысы).

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.