Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Дүниежүзілік ұйым Қазақстанды аусылдан толық таза деп таныды

Дүниежүзілік ұйым Қазақстанды аусылдан толық таза деп таныды

Ет экспортына даңғыл жол ашылды

QazMonitor Logo
Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Париж қаласында өткен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (WOAH) 93-ші Бас сессиясында ұйымға мүше 183 елдің делегаттары Қазақстанға аусылға қарсы вакцинацияланған таза аймақ мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Ресми сертификат бүгін Қазақстан делегациясына табысталды, деп хабарлайды QazMonitor.

Қазақстан Шығыс және Орталық Азия елдерінің ішінде WOAH халықаралық стандарттарына сәйкес, бүкіл аумағы аусыл ауруынан таза деп танылған жалғыз ел.

Бұл 2024 жылдан бері ел үкіметі жүргізіп келе жатқан ауқымды әрі жүйелі жұмыстың нәтижесі. Мемлекеттің ветеринариялық жүйесін даярлау және бағалау аясында эпизоотиялық ахуалды тұрақты сақтау, ветеринариялық бақылаудың тиімділігін арттыру және биологиялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мақсатында ветеринариялық-профилактикалық, мониторингтік, ұйымдастырушылық және бақылау шаралары кешенді қолға алынды.

«Бүгінде еліміздің бүкіл аумағы аусылға қарсы вакцинацияланған таза халықаралық аймақтармен қамтылды. Бұл ел үшін үлкен жетістік. Сонымен қатар Қазақстан жыл сайын африкалық жылқы обасы мен классикалық шошқа обасы бойынша да қауіпсіз екенін дәлелдеп келеді, сондай-ақ WOAH талаптарына сәйкес құс тұмауының жоғары патогенді түрі мен африкалық шошқа обасына қатысты өзіндік декларацияларын тұрақты түрде қолдап отыр», – деді Айдарбек Сапаров.

Министрдің айтуынша, бұл мәртебе Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, шетелдік сауда серіктестерінің сенімін арттыруға және отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейтуге жол ашады.

Аталға ұйымның 93-ші Бас сессиясы аясында Ауыл шаруашылығы министрі бастаған қазақстандық делегация халықаралық ветеринария саласындағы негізгі мәселелерді талқылауға белсенді қатысты. Әсіресе биологиялық қауіпсіздік, жануарлардың трансшекаралық ауруларына қарсы күрес және ветеринария саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аударылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.