Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстандықтарға суши мен ролдан улану қаупі туралы ескертілді

Қазақстандықтарға суши мен ролдан улану қаупі туралы ескертілді

Суши мен ролл сатып алғанда неге абай болу керек?

QazMonitor Logo
MOISES RIBEIRO / pexels
MOISES RIBEIRO / pexels

Қазақстанның Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті суши мен ролдарды тұтыну кезіндегі қауіптер туралы ескертті, деп хабарлайды QazMonitor.

Комитет халықты суши мен ролдарды тұтынуға байланысты ықтимал қауіптер туралы хабардар етіп, аталған өнімді таңдау кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады.

«Суши мен ролдар эпидемиологиялық қаупі жоғары өнімдер қатарына жатады, себебі оларды дайындау барысында шикі, аз тұздалған немесе маринадталған балық, теңіз өнімдері және басқа да тез бұзылатын ингредиенттер пайдаланылады. Мұндай өнімдер көбіне толыққанды термиялық өңдеуден өтпейді. Дайындау, сақтау және өткізу технологияларының бұзылуы салдарынан мұндай өнімдер тағамнан улануға, жіті ішек инфекцияларына және паразиттік ауруларға себеп болуы мүмкін», деп ескертті комитетте.

Шығу тегі белгісіз шикізатты пайдалану, температуралық режим мен сақтау мерзімдерін сақтамау, өнімді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда дайындау, сондай-ақ оны рұқсат құжаттары жоқ жеке тұлғалар мен әлеуметтік желілерді қоса алғанда, бейресми арналар арқылы өткізу ең үлкен қауіп тудырады.

«Денсаулықты қорғау мақсатында суши мен ролдарды рұқсат етілмеген сауда орындарынан және кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде ресми мәртебесі жоқ тұлғалардан сатып алу ұсынылмайды. Тұтынушылар аталған өнімді қауіпсіздік талаптарын сақтайтын, ресми түрде тіркелген қоғамдық тамақтандыру және сауда объектілерінен ғана сатып алуы тиіс. Балаларға, жүкті әйелдерге, қарт адамдарға және иммунитеті әлсіреген адамдарға ерекше сақтық таныту қажет, себебі сапасыз өнімді тұтыну олардың денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін», деп қосты ведомствода.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.