Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы облысында дәстүрлі өрік фестивалі өтті

Алматы облысында дәстүрлі өрік фестивалі өтті

Қазақстанда өндірілетін өріктің 70%-ға жуығы өңірге тиесілі

QazMonitor Logo
Фото: Алматы облысы әкімдігі
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысының Ұйғыр ауданында өткен фестивальде өріктің түрлі сорты мен одан жасалған өнімдер халыққа ұсынылды. Фестиваль аясында «Өрік бақтары – өңір байлығы, халық берекесі» тақырыбындағы ғылыми конференция өткізіліп, ғалымдар бақ шаруашылығын дамыту, сапасын арттыру және саланың болашағы жөнінде пікір алмасты. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады.

Қазіргі таңда өңір еліміздегі өрік өндірісі бойынша көш бастап тұр. Республика көлемінде жиналған 39 мың тонна өнімнің 70%-ға жуығы, яғни 27 мың тоннасы облыс шаруашылықтарына тиесілі.

Өңірдегі жеміс бақтарының көлемі 10 мың гектарға жуық, оның 46%-ы – өрік алқаптары. Ал Ұйғыр ауданында 3200 гектарға жуық жерде өрік ағашы өсіріледі. Бақ баптаумен 542 шаруақожалық айналысады.

Бүгінде 1098 гектар аумақтан 10431 тонна өнім жиналған. Орташа өнімділігі – 95 ц/га. Оның 7800-ден астам тоннасы ішкі нарыққа бағытталса, 2600 тоннасы Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға экспортталды

Айта керейік, өрік фестивалі мен ғылыми конференция жыл сайын өтеді. Алдағы уақытта ауданда жеміс-жидекті сақтайтын заманауи қоймалар мен өңдеу кәсіпорындарының инфрақұрылымын жетілдіру жоспарлануда. Сондай-ақ биылдан бастап халықаралық стандарттарға сай, Түркия елінен әкелінген өнімділігі жоғары сорттарды жерсіндіру жұмыстары жүргізу көзделіп отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.