Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда апорт бақтарының аумағы 110 гектарды қамтитын болады

Қазақстанда апорт бақтарының аумағы 110 гектарды қамтитын болады

Мамандар алма ағаштарын отырғызуға қажетті сапалы көшет материалдарын дайындап жатыр

QazMonitor Logo
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Президенті Іс басқармасымен бірлесіп, әйгілі қазақстандық Апорт алма бақтарын қайта жаңғырту жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Жоспарға сәйкес, 2027 жылға дейін осы бірегей сұрыптың жаңа екпелерінің аумағы тағы 100 гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 110 гектарға жетпек.

«Апорт сұрпын кең ауқымда қайта жаңғыртуға қазақстандық ғалымдардың көпжылдық іргелі зерттеулері негіз болды. 2006–2011 жылдар аралығында Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантині ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, Сиверс алмасы мен Апорт сұрпын зерттеу бойынша экспедициялық жұмыстар жүргізді», делінген министрлік ақпаратында.

Зерттеу нәтижесінде Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің аумағындағы жабайы алма ағаштарының популяцияларынан 30 түрлі үлгі жиналды.

Іріктеліп алынған Апорт клондарынан зертханалық (in vitro) жағдайда вирустық аурулардан таза көшеттер алынды. Молекулалық талдау негізінде ғалымдар ДНҚ-профильдері сәйкес келетін 11 сұрып-телітуші комбинациясын анықтап, көшеттер өсірді.

«Осы көшеттерден 2015 жылы Помологиялық бақта 5 гектар аумақта тәжірибелік бақ отырғызылды. Бұл бақ 2022 жылы алғашқы өнімін берді. Аталған кезеңдегі маңызды жетістіктердің бірі – ДНҚ талдауы арқылы Сиверс алмасының бактериялық күйік пен қотыр ауруына табиғи төзімділік гендері бар ерекше формаларын анықтау болды. 2025 жылы Институттың Талғар өңірлік филиалында 10 гектар аумақта жаңа бақ отырғызылды», деді ведомствода.

Қазіргі уақытта мамандар алдағы 100 гектар жерге алма ағаштарын отырғызуға қажетті сапалы көшет материалдарын дайындап жатыр.

Қазақстандық алманың мәртебесі мен бірегейлігі халықаралық деңгейде де мойындалуда.

«Апорт» бренді БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) беделді «Бір мемлекет – бір басым дақыл» халықаралық бастамасы аясында Қазақстанның басым дақылы ретінде ресми түрде ұсынылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.