Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан жолдарында 250 жаңа сервис станциясы салынады

Қазақстан жолдарында 250 жаңа сервис станциясы салынады

Жол бойындағы сервис құрылысына 180 млрд теңге инвестицияланады

QazMonitor Logo
Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Қазақстан Үкіметі Көлік министрлігі мен «Car Park Transformer» ЖШС арасындағы инвестициялық келісімді мақұлдады. Жоба жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жол бойындағы сервис станцияларын салуды көздейді. Тиісті қаулыға Премьер-министр қол қойды, деп хабарлады Primeminister.kz.

Жеке инвестицияның жалпы сомасы 179,5 миллиард теңгені құрайды. Жоба аясында 2030 жылға дейін халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы қазіргі демалыс алаңдарында 250 сервис станциясы салынады.

Алғашқы 50 станция биыл қолданысқа беріледі. Олар — айналасы абаттандырылып, көгалдандырылған, ішінде санитарлық-тұрмыстық бөлмелері, сауда және қызмет көрсету орындары, электрлі көліктерді қуаттау станциялары мен күн панельдері бар заманауи көпфункционалды кешендер.

Жобаны жүзеге асыру халықаралық стандарттарға сай келетін жол бойындағы сервис нысандарының желісін кеңейтуге, электромобильдерге арналған заманауи инфрақұрылым құруға және көлік саласына экологиялық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл құрылыс іргелес өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға серпін бермек. Жоба аясында 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардың бойында барлығы 1 428 сервис нысаны жұмыс істеп тұр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.