Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда агросектордың жаңа технологиялары таныстырылып жатыр

Қазақстанда агросектордың жаңа технологиялары таныстырылып жатыр

Jańa Dala / Green Day 2026 халықаралық көрмесінде әлемнің 26 елінен 200-ден астам компания ауыл шаруашылығына арналған инновациялық шешімдерін ұсынды

QazMonitor Logo
Фото: ҚР АШМ
Фото: ҚР АШМ

Ақмола облысында мемлекеттік органдар, агробизнес, ғылыми қауымдастық, халықаралық ұйымдар және шетелдік серіктестердің қатысуымен Jańa Dala / Green Day 2026 халықаралық мамандандырылған көрме-демонстрациясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды QazMonitor ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, дипломатиялық корпус, салалық қауымдастықтар мен отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.

Биылғы көрмеге әлемнің 26 елінен 200-ден астам компания қатысып жатыр. Экспозицияда 500-ден астам ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, дәлме-дәл егіншілік, жасанды интеллект, цифрландыру, өсімдік және мал шаруашылығына арналған жаңа технологиялар таныстырылуда.

Ашылу рәсімінде Азат Сұлтанов соңғы екі жылда агросекторда заманауи технологияларды енгізу қарқыны айтарлықтай артқанын айтты. Оның сөзінше, минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемі үш есеге өсіп, 1,8 млн тоннаға жеткен, ал элиталық тұқымдардың үлесі 11,6%-ға дейін артқан. Мемлекеттік қолдау аясында шаруалар шамамен 25 мың дана жаңа техника сатып алып, ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жаңару деңгейі 6,5%-ға жеткен.

Сондай-ақ биылғы егіс алқабының көлемі 23,8 млн гектарды құрады. Ауыл шаруашылығы өндірушілері жеңілдетілген дизель отынымен, тыңайтқыштармен, тұқыммен және өсімдіктерді қорғау құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Ал агроөнеркәсіп кешенін жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 1 трлн теңге деңгейінде сақталды.

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын цифрландыру, жасанды интеллект, органикалық өндіріс, халықаралық ынтымақтастық, мал шаруашылығындағы жаңа технологиялар және кадр даярлау мәселелеріне арналған форумдар мен панельдік сессиялар өтуде.

Сонымен қатар көрме барысында асыл тұқымды ірі қара малдың ұлттық конкурсы, «Үздік техник-ұрықтандырушы» байқауы, асыл тұқымды мал аукциондары ұйымдастырылып, келушілерге агродрондар, тракторлар мен басқа да заманауи техникалардың жұмысы егіс алқабында көрсетілуде.

Jańa Dala / Green Day 2026 халықаралық көрмесі 17 шілдеге дейін жалғасады. көрмесі 17 шілдеге дейін жалғасады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.