Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Арқалық әуежайына AYK халықаралық IATA коды берілді

Арқалық әуежайына AYK халықаралық IATA коды берілді

Әуежай құрылысына қайтарылған активтерден қаржы бөлінген болатын

QazMonitor Logo
Фото: Көлік министрлігі
Фото: Көлік министрлігі

Арқалық қаласының әуежайына IATA халықаралық коды - AYK ресми түрде берілді. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Көлік министрлігі әуежайға IATA кодын беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізді. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 12 тамызда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Арқалық әуежайына үш әріптен тұратын AYK ресми кодын берді», делінген ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, аталған код бірегей болып табылады және Арқалық әуежайын әлемдік брондау және әуе билеттерін рәсімдеу жүйелеріне, рейстер кестесіне, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да жаһандық ақпараттық жүйелерге интеграциялауға мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.