Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда арпаның жаңа сорты пайда болды

Қазақстанда арпаның жаңа сорты пайда болды

Ғалымдар шығарған арпаның жаңа сорты қуаңшылық пен топырақтың сорлануына төзімді

QazMonitor Logo
Фото: АШМ
Фото: АШМ

Қазақстандық ғалымдар жаздық арпаның «Батырхан» деп аталатын жаңа сортын селекциялап шығарды. Шаруашылыққа тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша бұл сорт оң баға алып, мемлекеттік сорт сынауға жіберілді Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жаңа сорт Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісіне тән жағдайлар ескеріле отырып шығарылды. «Батырхан» өнімінің мол әрі тұрақтылығымен, дәнінің ірілігімен, жатып қалуға және бірқатар ауруларға төзімділігімен, сондай-ақ қуаңшылық пен топырақтың сорлануына бейімділігімен ерекшеленеді. «Батырхан» – жаздық дақыл. Оның вегетациялық кезеңі – 75–85 күн. Сорттың 1000 дәні салмақты келеді және сабақ басында дәні көп болады», – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар бұл сорттың басты ерекшелігі – «түптену – түтікке шығу» кезеңінің кемінде 20 күнге созылатындығында. Осы кезеңнің ұзағырақ өтуі қуатты вегетативті масса мен сапалы дәні бар сабақ басының қалыптасуына ықпал етеді.

Жаңа сорт – И. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты ғалымдарының бірлескен еңбегі.

Сортты мемлекеттік сорт сынауға тапсыру – оны өндіріске енгізудің келесі кезеңі болмақ. Сынақ барысында «Батырханның» шаруашылық құндылығы бағаланып, оны Қазақстанның ауыл шаруашылығында одан әрі пайдалану мүмкіндігі анықталады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.