Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Түркістан облысында 1,1 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 09 желтоқсан, 2025 | 16:20
1 минут - оқу уақыты

Түркістан облысында 1,1 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген

Өңір ауыл шаруашылығы өндірісі бойынша елімізде бірінші орынға шықты

QazMonitor Logo
Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысының әкімдігі

Биыл Түркістан облысында жалпы құны 1 трлн 86,9 млрд теңгеден асатын ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 182,5 млрд теңгеге артық.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған инвестициялық Жол картасы бекітілген. Құны 295,5 млрд теңгені құрайтын 78 жоба жүзеге асырылмақ. Биыл жоспарланған 31 жобаның 27-сі іске асырылып, 60,8 млрд теңгенің жұмыстары орындалды. Сонымен бірге 1030 жаңа жұмыс орны ашылды.

Түркістан облысының ауыл шаруашылығын дамытуға табиғи мүмкіндігі мол өңір. Соңғы жылдары салада терең өңдеуге басымдық беріліп, заманауи технологиялар енгізілуде. Соның арқасында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1,1 есеге (155,6 млрд теңге), ал тамақ өнеркәсібіне бағытталған инвестициялар 1,3 есеге (31,5 млрд теңге) ұлғайған.

Өңірдің экспорттық әлеуеті де артып келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 355,5 млн АҚШ долларына жетіп, 1,1 есеге көбейді.

Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға егілді, бұл былтырғымен  салыстырғанда 34 мың гектарға артық. Дала жұмыстары үшін жанар-жағар май, минералды тыңайтқыш, тұқым және кредиттік ресурстар уақытылы қамтамасыз етілді. Соның нәтижесінде 695 мың тонна дәнді дақыл, 54 мың тонна майлы дақыл, 1,5 млн тонна көкөніс пен картоп, 1,7 млн тонна бақша өнімі, 5 млн тонна мал азығы және 428 мың тонна мақта жиналды.

Өңірде өнеркәсіптік жылыжайларды дамыту қарқыны да жоғары. Биыл жылыжай алқабы 75 гектарға артып, жалпы көлемі 1715 гектарға жетті. Осылайша облыстың республикадағы жылыжайлар үлесі 76%-ға дейін өсті. Бірінші айналымда 102 мың тонна көкөніс алынған. Келесі жылы жылыжай көлемін тағы 62 гектарға ұлғайтып, республикадағы үлесті 80%-ға жеткізу жоспарлануда.

Келес ауданында 500 гектар аумақта «Еcoculture Eurasia» ірі жылыжай кешені салынып жатыр. Жоба толық іске қосылғанда жылына 240 мың тоннадан астам көкөніс өндіріледі және 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.