Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. ШОБ-ты қолдаудың бірыңғай бағдарламасына жергілікті өндіріс пен шикізатты қайта өңдеу енгізіледі
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 17 желтоқсан, 2025 | 10:53
1 мин. - оқу уақыты

ШОБ-ты қолдаудың бірыңғай бағдарламасына жергілікті өндіріс пен шикізатты қайта өңдеу енгізіледі

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа құжат іскерлік белсенділікті арттыруға және шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталатынын айтты

QazMonitor Logo
Telegram / UKIMET
Telegram / UKIMET

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламалық құжаты әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл құжат іскерлік белсенділікті күшейтетін және шағын кәсіпкерліктің дамуына серпін беретін негізгі құрал болуы тиіс.

Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жергілікті өндірісті дамытуға және шикізатты қайта өңдеуді ынталандыруға бағытталған шараларды қамтитын бағдарламаны сапалы әзірлеу тапсырылды. Сонымен қатар құжатта қолөнер, былғары, сүт өнімдері және өзге де салаларды қолдау тетіктері қарастырылуы қажет.

«Жергілікті өндіріс пен шикізатты қайта өңдеуді ынталандыру, қолөнер, былғары, сүт өнімдері және басқа да салаларды кеңейту шараларын қамтыған жөн. Ол үшін әкімдіктер өңірдің әлеуеті мен қажеттіліктерін негізге ала отырып, басым бағыттардың тізбесін айқындауы қажет. Аталған шараларды іске асыру кәсіпкерлерге тікелей қолдау көрсетуге, халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыруға және шағын бизнестің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл орайда, әсіресе ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы жобаларға баса көңіл бөлу керек», — деп атап өтті Премьер-министр.

Дереккөз: ҚР Үкіметі

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.