Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өндірісі 1,1 трлн теңгеге жетті

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өндірісі 1,1 трлн теңгеге жетті

Соңғы үш жылда агросектордағы еңбек өнімділігі мен инвестициялық белсенділік артты

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Қостанай облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту экономикалық өсімнің негізгі бағыттарының біріне айналып отыр. Соңғы үш жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,6 есеге өсіп, 642,1 млрд теңгеден 1,1 трлн теңгеге жетті.

Облыс әкімдігінің ақпаратына сәйкес, еңбек өнімділігі де тұрақты өсім көрсетті: 2024 жылдың қорытындысы бойынша бір жұмыскерге шаққандағы көрсеткіш 5,6 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда шамамен 20%-ға артты.

Биыл агросекторды дамытуға 207 млрд теңге бағытталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға жуық көп. Қаржы негізінен ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу, субсидиялау және фермерлерді несиелеу тетіктері арқылы бөлінуде.

Маңызды жаңалықтардың бірі – 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына қажетті қаражаттың алғаш рет алдын ала, 2024 жылдың соңында қарастырылуы болды. Бұл аграршыларға егіс науқанына жоспарлы әрі уақтылы дайындалуға мүмкіндік бергенін атап өтті әкімдікте.

Егін жинау науқанының қорытындысы да өңірдің әлеуетін айқындайды. Биыл 7 млн тонна астық жиналып, бұл республика бойынша Ақмола облысынан кейінгі екінші орынды көрсетті. Биыл астық көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артқан.

Сонымен қатар инвестициялық белсенділік те күшейіп келеді. Агроөнеркәсіп кешенінде ет, сүт және астықты терең өңдеу негізгі басымдықтар ретінде белгіленген. Осы бағытта бірқатар ірі жобалар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда 2024 жылы жылына 19 мың тонна өнім өндіретін үш сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. Сонымен қатар Федоров ауданында 600 басқа арналған ферма іске қосылып, Меңдіқара ауданында 1 200 басқа есептелген нысанның құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін Алтынсарин ауданында тағы екі ферма іске қосу жоспарланған.

Бұдан бөлек, Алтынсарин, Әулиекөл, Б.Майлин және Қостанай аудандарында бес жаңа сүт-тауар фермасын салуға 20,7 млрд теңге бағытталды.

Дереккөз: Қостанай облысы әкімдігі

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.