Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанның оңтүстігінде су тапшылығы күтілуде: Үкіметтің қандай жоспары бар?

Қазақстанның оңтүстігінде су тапшылығы күтілуде: Үкіметтің қандай жоспары бар?

Оңтүстік өңірдегі су қоймаларында су көлемі 1,9 млрд текше метрге аз

QazMonitor Logo
freepik / standret
freepik / standret

2026 жылғы вегетациялық кезеңде Қазақстанның оңтүстігіндегі өзен бассейндерінде су ағынының айтарлықтай азаюы болжанып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы су қоймаларының (көрші мемлекеттер аумағында орналасқан – ред) толу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 3,2 млрд текше метрге төмен. Оңтүстік өңірдегі су қоймаларында да тапшылық байқалады, қор өткен жылғы көрсеткіштен 1,9 млрд текше метрге аз.

«Бұл күз-қыс маусымындағы жауын-шашынның азаюы, мұздық ағынының қысқаруы және климаттық өзгерістің жалпы әсеріне байланысты объективті шындық. Министр тарапынан 2026 жылғы суару маусымына дайындық басталып, бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Суару каналдары мен гидротехникалық құрылыстарға жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда», деді министр.

Алдағы болжамды су тапшылығына байланысты Үкімет бірқатар шұғыл шараларды қолға алды. Атап айтқанда егіс құрылымын түзетіледі: 2026 жылдың наурыз айында Ауыл шаруашылығы министрлігі ылғалды көп қажет ететін дақылдардың көлемін азайту мақсатында егістік жоспарын қайта қарайды.

Сондай-ақ 2026 жылдың ақпанында судың келу болжамына сәйкес нақтыланған лимиттер бекітіледі. Бұған қоса, министр су ресурстарын заңсыз пайдалану мәселесі басты бақылауға алынатынын атап өтті. Бас прокуратурамен бірлесіп арнайы іс-шаралар жоспары әзірленді. Су ұрлығымен тиімді күресу үшін құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымдардан тұратын республикалық ведомствоаралық жұмыс тобы құрылады.

Бұған дейін Үкіметте Қазақстанда су үнемдеу технологияларын субсидиялау 80%-ға дейін артқаны хабарланды. Сондай-ақ Қазақстанда 2026 жылға дейін ауыз сумен қамтуға бағытталған бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатыны белгілі болды.  Атап айтқанда биыл 12 жоба аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде халқы шамамен 540 мың адамды құрайтын 142 ауылдық елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.