Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. ЖИ контентті таңбаламағаны үшін айыппұл: Блогерлер мен бизнесті не күтіп тұр?

ЖИ контентті таңбаламағаны үшін айыппұл: Блогерлер мен бизнесті не күтіп тұр?

Жасанды интеллект туралы заңда таңбалау маның машина оқи алатын болуы тиіс екендігі атап көрсетілген

QazMonitor Logo
 Karola G/Pexels
Karola G/Pexels

2026 жылдың 16 қаңтарынан бастап Қазақстанда Жасанды интеллект туралы заң күшіне енеді. Осы құжатқа сәйкес, жасанды интеллект жүйелері пайдалану режиміне байланысты ашық, жабық және локальді болып бөлінеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Ашық жасанды интеллект жүйелері – архитектурасы мен параметрлері пайдаланушы келісімінің шарттарына сәйкес еркін пайдалану, модификациялау және тарату үшін қолжетімді жүйелер.

Жабық жасанды интеллект жүйелері – архитектурасы мен параметрлеріне қолжетімділік олардың меншік иесі немесе иеленушісімен шектелген жүйелер.

Бұл ретте пайдаланушылар тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып өндірілгені немесе көрсетілетіні туралы хабардар болуы тиіс.

ЖИ жүйелері қызметінің синтетикалық нәтижелерін таратуға тек оларды машина оқи алатын нысанда таңбалағанда және пайдаланушының мұндай қабылдауын қиындататын әдістерді қолданбай қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін визуалды немесе өзге де ескерту нысанымен сүйемелдеген жағдайда ғана жол беріледі.

Айта кетейік, машина оқи алатын нысандар ақпаратты автоматтандырылған тәсілмен тіркеуге және тануға мүмкіндік береді. Оның жоқтығы үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілген айыппұлдар қарастырылған.

Атап айтқанда: жеке тұлғалар үшін – 15 АЕК немесе 64 875 теңге; шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар үшін – 20 АЕК немесе 86 500 теңге; орта бизнес үшін – 30 АЕК немесе 129 750 теңге; ірі бизнес үшін – 100 АЕК немесе 432 500 теңге.

Бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұлдар көлемі ұлғаюы мүмкін. Ірі компаниялар үшін заңды қайталап бұзған жағдайда, тиісті ЖИ-жүйесінің қызметі уақытша тоқтатылуы немесе толығымен тыйым салынуы мүмкін.

2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жарияланды. Сондай-ақ Қазақстан жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару мен экономикаға енгізуге дайындық деңгейі бойынша Орталық Азия елдерінің ішінде алдыңғы қатарға шықты. Oxford Insights халықаралық талдау орталығы әзірлеген Government AI Readiness Index 2025 рейтингінде ел 195 мемлекеттің арасында 60-орынды иеленді.

 

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.