Қазақстандық спортшылар Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шорт-тректен 500 метров қашықтықта Олимпиада ойындарының ширек финалына өтті, деп хабарлайды QazMonitor Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Абзал Әжіғалиев өз жарысында үздік атанса, Денис Никиша үшінші орын алғандар арасынан үздік төрттикке еніп, келесі кезеңге жолдама алды.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық мәнерлер сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алған болатын.
Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 92,94 ұпай нәтижесімен бесінші орында тұрған еді. Еркін бағдарламада ол 198,64 ұпай жинап, жалпы нәтижесін 291,58 ұпайға жеткізді. Өз өнері барысында Шайдоров бес төрттік секіруді орындады.