Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Қазақстандық шорт-трекшілер Әлем чемпионатына қатысады

Қазақстандық шорт-трекшілер Әлем чемпионатына қатысады

Монреальдағы Әлем чемпионатында Қазақстанның басты үміттері кім?

QazMonitor Logo
Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

13-15 наурыз аралығында Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлем чемпионаты өтеді. Аталған турнир ағымдағы маусымның соңғы ірі жарысы мәртебесіне ие, деп хабарлайды QazMonitor.

Olympic.kz деректеріне сүйенсек, Қазақстан ұлттық құрамасы бұл додаға негізгі көшбасшыларымен аттанады. Монреальдағы мұз айдынында Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали, Айбек Насен, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева және Ольга Тихонова бақ сынайды. Миланда өткен Олимпиада ойындарында айтарлықтай нәтиже көрсете алмаған ұлттық құрама үшін бұл жарыс жүлде қорын толықтыруға мүмкіндік бермек.

Айта кетерлігі, соңғы екі әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жүлдесіз қайтқан жоқ. Атап айтқанда, Денис Никиша 500 метр қашықтықта қатарынан екі рет күміс жүлдегер атанса, өткен жылғы біріншілікте әйелдер құрамасы эстафетада төртінші орынға ие болған.

Сондай-ақ Әділ Ғалиахметов 1000 метр қашықтықта финалға шығып, жарысты жетінші орынмен аяқтады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында әлем чемпионатының екі медалі бар. Тәжірибелі Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Ханмен қатар, Нұртілек Қажғали, Айбек Насен, Алина Әжіғалиева мен Малика Ермек жекелей сайыста да, эстафетада да өнер көрсетеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.