Қазақстанда төрт футбол клубына жеке меншікке беру үшін инвесторлармен келіссөз жүріп жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.
Үкімет Президенттің Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмалары қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы есебін жариялады. Онда спорт саласында коммерцияландыру және бюджеттік қаражаттың үлесін қысқарту бағыты жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Атап айтқанда «Жеңіс» ФК (Астана), «Қайсар» ФК (Қызылорда), «Қызылжар» ФК (Петропавл), «Ақтөбе» ФК (Ақтөбе), «Елімай» ФК (Семей) жеке инвестордың басқаруына өтті, ал «Шахтер» ФК (Қарағанды) жекешелендіру аяқталуда,
«Оқжетпес» ФК (Көкшетау), «Тобыл» ФК (Қостанай), «Тараз» ФК (Тараз) және «Ертіс» ФК (Павлодар) бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде», деді Үкіметте.
Сонымен қатар 2025 жылы 15 желтоқсанда Көкшетауда құны 13,6 млрд теңге болатын көпфункционалды спорт кешені пайдалануға берілгенін атап өтті. Оған Арнаулы мемлекеттік қор есебінен 13,6 млрд теңге бөлінді.
Еске салсақ, былтыр қызылордалық «Қайсар» футбол клубы ресми түрде TAU Group LTD компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовқа жеке басқаруға берілді. Петропавлдағы ФК «Қызылжар» кәсіпқой футбол клубтарын жекешелендіру бағдарламасы аясында жеке қаржыландыруға көшкен Қазақстандағы алғашқы клубтардың бірі болды. Оны Сергей Кан жекешелендірді.
Сондай-ақ, Qazaq Stroy иесі Нұрлан Артықбаев ФК «Ақтөбе» клубының инвесторы болатыны да жарияланды. Сонымен қатар «Шахтер» футбол клубын кәсіпкер Тимур Турлов иелік ететін Freedom Holding Corp. тобынан шыққан компания сатып алғаны жарияланды. Ал Михаил Ломтадзе «Жеңіс» футбол клубының иесі атанды.