Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Алматылықтар ұлттық киіммен жаппай коньки тебеді

Алматылықтар ұлттық киіммен жаппай коньки тебеді

Келушілер конькиді өзімен бірге әкеле алады немесе жалға алуға болады

QazMonitor Logo
cottonbro studio/Pexels
cottonbro studio/Pexels

18 наурызда Алматы қаласының бірнеше мұз айдынында ұлттық киіммен тегін коньки тебу шарасы өтеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Мүзда жаппай сырғанау шарасы сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін «Алматы Арена», «Халық Арена» және «Олимпик» кешендерінде ұйымдастырылады. Қатысушылар міндетті түрде ұлттық киіммен келуі тиіс. Конькиді келушілер өзімен бірге алып келеді немесе сол жерден жалға алса болады.

Жаппай сырғанау балалар, ересектерге мен отбасыларға арналған. Ұйымдастырушылар кешті достар және жақындармен бірге мұз үстінде өткізу үшін ерекше мерекелік атмосфера жасауға уәде беріп отыр.

«Қатысудың басты шарты — ұлттық киім. Конькиді өзіңізбен бірге әкелуге немесе сол жердегі прокат қызметін пайдалануға болады», деп хабарлады Алматы қаласының спорт басқармасы.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.