Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Қазақстан музейлерінің бірыңғай цифрлық жүйесі – E-museum порталы таныстырылды

Қазақстан музейлерінің бірыңғай цифрлық жүйесі – E-museum порталы таныстырылды

Еліміздің 20 өңірінің 250-ден астам музейі бір платформа аясына енгізілді

QazMonitor Logo
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанадағы Ұлттық музейде Қазақстан музейлерінің бірыңғай цифрлық жүйесі – E-museum порталының тұсаукесері өтті. Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі мұрындық болған жоба Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында жүзеге асырылып, еліміздегі музейлердің ортақ цифрлық кеңістігін қалыптастыруды көздейді.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музей саласының елдің мәдени-рухани дамуы мен тарихи мұрасын сақтаудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, жаһандану мен цифрландыру үдерісі мәдениет саласына жаңа талаптар қойып отыр.

«Ұлттық мұрамызды сақтау, оны ғылыми айналымға енгізу және кең аудиторияға қолжетімді ету – мемлекетіміздің мәдени саясатының басым бағыттарының бірі. Музей саласын цифрландыру оның халықаралық деңгейде танылуына және насихатталуына айрықша әсер етеді», – деді министр.

Қазіргі таңда Қазақстанда 280-нен астам республикалық және өңірлік музей мен музей-қорық жұмыс істейді. Олардың қорында 4,5 миллионнан астам экспонат сақталған. Жыл сайын музейлерге 6 миллионнан астам адам келеді.

E-museum порталы елдегі музей қорларын бірыңғай цифрлық платформаға біріктіруге мүмкіндік бермек. Жобаның мақсаты – мәдени құндылықтарды ғылыми тұрғыда сипаттап, халықаралық мәдени кеңістікте таныстыру. Сонымен қатар, портал шетелдік музейлермен, ғылыми орталықтармен және мәдени ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. 2023 жылы жүйеге 33 музей қосылып, 15 мыңнан астам жәдігер цифрландырылды, 50 үшөлшемді модель жасалды.

Ал 2024-2025 жылдар қорытындысы бойынша жүйеге еліміздің барлық мемлекеттік музейлері енгізілді. Қазақстанның 20 өңірінен 252 музей қосылып, цифрлық каталогқа 66 мыңнан астам қор бірлігі енгізілді. Сонымен қатар, 750 үшөлшемді модель әзірленіп, музей экспозициялары негізінде 15 виртуалды тур жасалды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.