Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Астанада гуманоидтар мен робот-иттер жарысқа түсті

Астанада гуманоидтар мен робот-иттер жарысқа түсті

ALEM TECH FEST 2026-да 5 мыңнан астам жас инженер физикалық жасанды интеллектті сынады

QazMonitor Logo
Alem TechFest 2026 баспасөз қызметі
Alem TechFest 2026 баспасөз қызметі

Астанада өткен ALEM TECH FEST 2026 фестивалі елорданы үш күнге Орталық Азияның технологиялық орталығына айналдырды, деп хабарлайды QazMonitor Alem TechFest 2026 баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараға жеті елден, соның ішінде Гонконг, Вьетнам және Эстониядан келген 5 мыңнан астам жас инженер қатысты. 

Биылғы фестивальдің басты ерекшелігі – Physical AI, яғни физикалық жасанды интеллект бағыты. Бұл жүйелер чат-боттар сияқты тек цифрлық ортада емес, сенсорлар мен лидарлар арқылы шынайы кеңістікті қабылдап, физикалық кедергілер жағдайында шешім қабылдай алады. Сарапшылар мұны отандық робототехниканың жаңа кезеңі деп бағалап отыр.

Physical AI Championship алаңында командалар Unitree G1 Edu гуманоидтарымен жұмыс істеуде. Бір роботтың құны 20-30 млн теңге аралығында. Қатысушылар роботқа объектіні автономды түрде тауып, алып, адамға беру алгоритмін жазуы керек. Қазақстан бойынша 15 команда өтініш беріп, іріктеуден тек 4 команда өтті. Олар 5 000 долларлық жүлде үшін бақ сынауда.

Сонымен қатар RoboCup Rescue жарысында төрт аяқты робот-иттер техногендік апатты имитациялайтын кедергілерден өтеді. Роботтар QR-кодты оқып, маршрут құрып, тар өткелдер мен еңістерді еңсереді. Кей кезеңдерде командаларға стандартты басқарумен шектелмей, өз тұрақтандыру алгоритмдерін әзірлеуге тура келеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль күрделі робототехникаға қызығушылықтың артқанын көрсетеді. Қатысушылар географиясының кеңдігі мен мемлекеттік қолдау Physical AI бағытының Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие бола бастағанын аңғартады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.