Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанның 200 мың мұғалімі ChatGPT қолдана бастайды

Қазақстанның 200 мың мұғалімі ChatGPT қолдана бастайды

Қазіргі уақытта ChatGPT Edu бойынша 100 мың лицензия бөлінді

QazMonitor Logo
Pixabay / pexels
Pixabay / pexels

Биылғы жылдың екінші жартысында бұл лицензиялар қайта бөлініп, тағы 100 мың педагогке ұсынылады. Нәтижесінде 2026 жылы 200 мың педагог жасанды интеллект құралдарын тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын меңгереді, деп хабарлайды QazMonitor.

Бүгінгі таңда бөлінген лицензиялардың 5 мыңы балабақшаларға, 85 мың лицензия орта білім беру ұйымдарына, 10 мың лицензия колледждерге беріледі.

Жоба аясында әрбір қазақстандық ұстаздың жеке «цифрлық көмекшісі» пайда болады. ChatGPT Edu технологиясы сабаққа дайындық уақытын айтарлықтай үнемдемек: енді сабақ жоспарын түзу, тесттер мен тапсырмалар дайындау небары бірнеше минутты ғана алады.

Жасанды интеллект оқу материалдарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірлеп қана қоймай, оны әр оқушының қабілетіне қарай жеке бейімдеп бере алады. Бұл құрал күрделі тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіруге, сабақты қызықты пікірталас немесе зерттеу жобасына айналдыруға таптырмас көмекші болмақ.

Сонымен қатар ChatGPT Edu бағалау критерийлерін әзірлеуге, оқушылардың жұмыстарын алдын ала талдауға және әрбір білім алушыға жеке кері байланыс дайындауға қолдау көрсетеді. Тек қорытынды бағаны әрқашан педагогтың өзі қояды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.