Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда сервистерге 1414 арқылы кіруге жаңа талаптар енгізілді - Не өзгереді
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 10 желтоқсан, 2025 | 12:18
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда сервистерге 1414 арқылы кіруге жаңа талаптар енгізілді - Не өзгереді

Желтоқсаннан бастап талапты орындамаған ақпараттық жүйелер 1414-ке қосыла алмайды

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратураның үйлестіруімен азаматтарды телефон алаяқтарынан қорғау тетіктерін күшейтіп жатыр. 

Бұған дейін бірқатар мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен сервистерге кіру бір реттік SMS-код арқылы жүзеге асатын. Алайда алаяқтар азаматтың телефон нөмірін енгізіп, 1414 нөмірі арқылы SMS-хабарлама жіберіп отыру жағдайлары жиілеген.

«Осыған байланысты ақпараттық жүйелердің иелеріне 1414 нөмірінен SMS жіберу тетігін қолдану үшін қолжетімділік талаптарын күшейту тапсырылды. Енді 1414 SMS-шлюзін пайдаланатын ақпараттық жүйелерге кіру қосымша қорғалады және тек биометриялық аутентификация (FaceID), электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе арнайы QR-код (eGov QR) арқылы ғана мүмкін болады», делінген Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі таратқан ақпараттық хабарламада.

Министрлік желтоқсан айынан бастап бұл міндетті талаптарды орындамаған ақпараттық жүйелер 1414 қызметіне қосыла алмайтынын ескертті.

Сонымен қатар ведомство барлық мемлекеттік органдармен бірлесіп, алаяқтыққа қарсы іс-қимылды және азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтуді жалғастырып жатқанын атап өтті. eGov Mobile қосымшасында кибергигиена, күмәнді әрекеттерді тану және цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі кеңестер жарияланғанын еске салды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.