Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жаңа жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс беруге мораторий енгізілді

Жаңа жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс беруге мораторий енгізілді

Үкімет бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында жеке секторды қаржыландыру тәсілдерін қайта қарады

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстанда жаңа жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мораторий жарияланды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Вице-премьердің айтуынша, бұл қадам бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану үшін жасалып отыр. Ендігі кезекте мемлекеттік қаржыландыру тек өңірдегі нақты қажеттіліктер негізінде ғана бөлінетін болады.

«Мемлекеттік қаржыландыру енді тек өңірдегі нақты қажеттілігі бар жекеменшік мектептерге ғана бағытталады. Бұл ретте мемлекеттік мектептердің болмауы, үш ауысымды оқытуды жою және апатты мектептер орынына жаңа білім беру нысандарының салынуы негізгі басымдық ретінде айқындалып отыр», деді Балаева.

Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік мектептерге лицензиядан кейінгі бақылауды күшейтеді. Негізгі назар білім сапасына, кадрлық құрамға және балалардың қауіпсіздігіне аударылмақ.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 785 жекеменшік мектеп толық цифрландырылып, бюджеттеу жүйесімен синхрондалған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.