Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда 203 млрд теңгеден астам қаржылық бұзушылық анықталды - аудит қорытындысы

Алматыда 203 млрд теңгеден астам қаржылық бұзушылық анықталды - аудит қорытындысы

Қалалық басқарма компанияларға 2,3 млрд теңге көлемінде негізсіз субсидия төлеген

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Жоғары аудиторлық палата Алматы қаласында бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындысын шығарды, деп хабарлайды QazMonitor.

Тексеру барысында Қалалық мобилділік басқармасының қызметінде елеулі заңбұзушылықтар тіркелді. Атап айтқанда басқарма 2022-2025 жылдар аралығында тасымалдаушы компанияларға 2,3 млрд теңге көлемінде негізсіз субсидия төлеген.

Сондай-ақ аудит нәтижесі Алматының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының тиімсіздігін көрсетті. Жоспарға жиі түзетулер енгізілгенімен, ол басқарудың нақты құралына айналмаған. Мәселен, Жас Қанат ш.а. құрылысы 2021 жылы басталған 41 көппәтерлі үйдің ішінде 7 үй әлі аяқталмаған, ал 12 үй іргелес аумақтың абаттандырылмауына байланысты коммуналдық меншікке қабылданбаған. Ал «Алматы» ӘКК желісі бойынша тұрғын үй құрылысына бөлінген 30 млрд теңгеге жуық қаражат үш жыл бойы игерілмей бос тұрған.

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палата Жер қатынастары басқармасына жер учаскелерін бөлуде ашықтықты қамтамасыз етуді және олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) жұмысы төмен деп бағаланды: азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетіктері толық іске аспаған. Ал бюджеттік кредиттер тиімсіз пайдаланылып, мақсатсыз қаржы құралдарына орналастырылған.

Тексеру қорытындысы бойынша 203 млрд теңгеден астам сомаға бұзушылық анықталды. Тексеру кезінде 26 млрд теңге өтеліп, 83 млрд теңгелік жұмыстар есепке алу арқылы қалпына келтірілді. 417 факт бойынша материалдар іс қозғау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Палата Алматы қаласының әкімдігіне стратегиялық жоспарлауды жақсарту, бюджеттік тәртіпті нығайту және активтерді басқару тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсынымдар берді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.