Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Нақты теңгені жалғаннан қалай ажыратуға болады

Нақты теңгені жалғаннан қалай ажыратуға болады

Өткен жылы Ұлттық банк бір миллионнан астам теңге сомасында жалған ақша анықтады

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2025 жылы 1 122 150 теңге сомасына 206 жалған ақша белгісін анықтады, деп хабарлайды QazMonitor. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 90,7%-ға жоғары.

Ең көп жалған ақша 5 000 теңгелік банкноталар арасында анықталды – 174 дана, бұл жалпы жалған ақшалардың 84,5%-ын құрайды. Одан кейінгі орындарда 10 000 теңгелік банкноталар – 22 дана (10,7%), 2 000 теңгелік – 6 дана (2,9%), 20 000 теңгелік – 1 дана (0,5%), ал қалған 1,4% – монеталар.

Жалған банкнота әдетте жай ғана офсеттік қағаздан жасалады және компьютерлік техника мен түрлі түсті принтер қолданылады.

Жалған купюра/Түпнұсқа купюра
Жалған купюра/Түпнұсқа купюра

Майда жазулар бұлдыр келеді және бірнеше есе үлкейткенде тану мүмкін емес.

Жалған купюра/Түпнұсқа купюра
Жалған купюра/Түпнұсқа купюра

Қолдан жасалған банкнотада сутамғы белгісі болмайды.

Жалған купюра/Түпнұсқа купюра
Жалған купюра/Түпнұсқа купюра

Патч элементінің көлемі анық емес, себебі ол жай ғана бояумен кескінделеді, сәуле таралғанда голографиялық әсері сезілмейді және номинал бейнесі ою-өрнекке ауыспайды.    

Жалған купюра/Түпнұсқа купюра
Жалған купюра/Түпнұсқа купюра

Қорғаныш жібінің динамикалық әрі түс ауыстыратын әсері жоқ, жарыққа тосқанда біртұтас емес.

Жалған купюра/Түпнұсқа купюра
Жалған купюра/Түпнұсқа купюра

Ұлттық Банк жалған банкноталардың айналымға түсуіне жол бермеу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізеді және азаматтарды қолма-қол ақшаны пайдаланғанда мұқият әрі сақ болуға шақырады. Күмәнді банкноталарды көрген жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау ұсынылады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.