Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Украина мен Эфиопияда референдум учаскелері ашылмайды

Украина мен Эфиопияда референдум учаскелері ашылмайды

Референдумға 62 елдегі қазақстандықтар қатыса алады

QazMonitor Logo
Edmond Dantès/ Pexels
Edmond Dantès/ Pexels

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украина мен Эфиопия аумағында референдум учаскелерін ашпау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР Орталық референдум комиссиясы отырысында айтылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Бұған дейін шетелде 82 учаске ашу жоспарланған. СІМ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Әлімбаевтың айтуынша, жоспарға халықаралық және геосаяси жағдайға байланысты өзгерістер енгізілген. 

«Украинадағы азаматтарымыздың саны айтарлықтай азайды. Тіркеуде шамамен 500-дей азамат болған, олардың басым бөлігі елден кеткен, көбісі Қазақстанда жүр. Ал Эфиопияда небәрі 5 азамат тіркелген. Олар – елшілік қызметкерлері. Екеуі Каир қаласына барып дауыс береді», деді министрлік өкілі.

Осылайша, референдум шетелдегі 62 мемлекетте орналасқан 80 учаскеде өтеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.