Қазақстан Үкіметі резервінен Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институтына 1,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды QazMonitor.
Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл қаржы институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді. Атап айтқанда теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарланып отыр. Бұл теңіздің қазақстандық секторында болып жатқан процестер туралы өзінің ғылыми-негізделген базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі күні институт халықаралық ғылыми қоғамдастыққа белсенді интеграцияланып жатыр, оған Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қауымдастығына кірді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігіне барлық қажетті шараларды қабылдау, Қаржы министрлігіне бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.