Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Әрбір үшінші неке бұзылуда: Қазақстанда ажырасудың жаңа антирекорды тіркелді

Әрбір үшінші неке бұзылуда: Қазақстанда ажырасудың жаңа антирекорды тіркелді

Былтыр Қазақстандағы некелердің 68%-ы, ал ажырасулардың 74%-ы қалада болған

QazMonitor Logo
Edu Raw / pexels
Edu Raw / pexels

Қазақстанда неке институтындағы тұрақсыздық күшейіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде тіркелген ажырасулар саны некелесу көрсеткішіне шаққанда жоғары деңгейге жетіп, әрбір үшінші некенің бұзылатынын көрсетті, деп хабарлайды QazMonitor.

Ұлттық статистика бюро деректеріне сәйкес, 2025 жылы елде 115,9 мың неке тіркелсе, 45,7 мың ажырасу болған. Бұл жалпы алғанда некелердің шамамен үштен бірі сақталмайтынын білдіреді.

Некелесу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,69-ды құрады. Ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында – 6,75. Сонымен қатар Қарағанды облысы (6,32) мен Шығыс Қазақстан облысында (6,27) да неке жиі тіркеледі. Ал ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында байқалды – 5,06.

Некенің көбі қалалық жерлерде тіркелген: 78,9 мың немесе 68,1%. Ауылдық жерлерде 37 мың неке (31,9%) қиылған. Алғаш рет отбасын құрғандардың орташа жасы ерлер арасында 27,9 жас, әйелдерде 25,3 жасты құрады.

Ажырасу статистикасы да алаңдатарлық. Былтыр ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,24 болды. Ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында – 3,43. Сондай-ақ Қарағанды облысы (3,41) және Солтүстік Қазақстан облысында (3,28) ажырасу деңгейі жоғары. Ең төмен көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді – 1,03.

Назар аудартқан тағы бір үрдіс – некенің алғашқы жылдарындағы тұрақсыздық. Ажырасулардың ең үлкен үлесі (35%) 1–4 жыл бірге тұрған отбасыларға тиесілі. Ал 5–9 жыл аралығында бірге тұрғандар арасында бұл көрсеткіш 24%-ды құрайды. Бір жылға жетпей ажырасқан жұптардың үлесі 8% болған.

Жалпы алғанда, статистика Қазақстанда отбасы институтының трансформацияға ұшырап жатқанын көрсетеді. Урбанизация, әлеуметтік-экономикалық факторлар және құндылықтардың өзгеруі некенің беріктігіне тікелей әсер етіп жатыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.