Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қасым-Жомарт Тоқаев: Түркияның өңірдегі рөлі артып келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев: Түркияның өңірдегі рөлі артып келеді

Президент халықаралық сын-қатерлер туралы пікір білдіріп, БҰҰ-ны реформалау қажеттігін атап өтті

QazMonitor Logo
Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясында сөз сөйлеп, Түркияның халықаралық аренадағы ықпалы артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Режеп Тайип Ердоған басшылығымен бұл ел өңірдегі маңызды ойыншылардың біріне айналып отыр, деп хабарлайды QazMonitor.

Президент Қазақстан мен Түркия өзекті өңірлік мәселелерді шешуде бірлесіп жұмыс істей алатынын жеткізді. Сонымен қатар ол Ердоғанның алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән берілетінін айтты.

«Ең алдымен, көреген көшбасшы Режеп Тайип Ердоғанның жетекшілігімен Түркияның осы аймақта зор рөл атқаратынын айтқым келеді. Өңір әлсін-әлсін бетпе-бет келіп отырған өзекті мәселелердің шешімін табуға елдеріміз айтарлықтай атсалыса алады деп ойлаймын. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Президент Ердоғанның келесі айда Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанымызды жеткізгім келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі халықаралық ахуалға қатысты пікір білдіріп, әлем алдында тұрған негізгі сын-қатерлерге тоқталды.

Оның сөзінше, қазіргі қақтығыстар өңірлік деңгейден асып, жаһандық сипат алып барады. Осы тұрғыда Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлі ерекше екені айтылды.

«Дипломаттар мен саясаткерлер адамзат жолайрықта тұр дегенді мысал етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның: «Біз әлі де жолайрықта тұрмыз» деп жиі айтатыны есімде. Халықаралық шиеленісті азайтуға қатысты айтар болсақ, бұл жағдай ешқашан өзгермейді. Қазіргі қақтығыстар өңірлік ауқымнан шығып, жаһандық сипатқа ие болды. Әрине, БҰҰ – баламасы жоқ әмбебап ұйым, сондықтан әрбір мемлекетке белгілі бір жауапкершілік жүктеледі. Біріккен Ұлттар Ұйымына қолдау көрсету керек екенін жұрттың бәрі айтады. Бұл – факт. Бірақ Ұйымға қолдау көрсетіп қана қоймай, оған реформа жасау керек. Бұл да шындық. Ашығын айтқан жөн, «Ұйымға тез арада реформа жасалады» дегенге ешкім сенбейді. Өйткені БҰҰ-ны реформалау, өзгерту, қызметін қайта қарау мәселесін көптен бері көтеріп жүрміз. Одан ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау, ең алдымен, Қауіпсіздік Кеңесінен басталуы керек екенін мойындауымыз қажет», – деді Мемлекет басшысы.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.