Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда бұлақтардың бірыңғай базасы жасалып жатыр

Қазақстанда бұлақтардың бірыңғай базасы жасалып жатыр

Жамбыл облысындағы бұлақтар жаппай зерттеліп жатыр

QazMonitor Logo
Doğan Furkan Yeşilırmak / pexels
Doğan Furkan Yeşilırmak / pexels

Жамбыл облысында бұлақтарды зерттеу және түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

«Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің мамандары Жамбыл облысының аумағында Қазақстан Республикасының бұлақтарының бірыңғай деректер базасын жасау аясында бұлақтарды зерттеу және түгендеу бойынша далалық жұмыстарды жалғастырып жатыр.

«Бұлақтар - тұщы судың маңызды көзі әрі Қазақстанның табиғи байлығының ажырамас бөлігі. Бүгінде біз бұлақтардың жай-күйін жан-жақты бағалауға, оларды сақтауға бағытталған шараларды уақытылы қабылдауға және әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи әрі сенімді деректер базасын қалыптастырып жатырмыз. Бұл жұмыс еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірлердің тұрақты дамуына ықпал ету тұрғысынан ерекше маңызға ие», - деді «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі басқармасының төрағасы Болат Бекнияз.

Зерттеу барысында бұлақтардың санитарлық және техникалық жай-күйіне баға беріліп, нақты координаттары анықталады, гидрогеологиялық бақылаулар жүргізіліп, зертханалық талдау үшін су сынамалары алынады.

Жиналған мәліметтер табиғи су көздері туралы ақпаратты өзектендіруге және оларды одан әрі есепке алу мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстар табиғи су нысандарын сақтауға, гидрогеологиялық ақпараттың сапасын арттыруға және еліміздің су ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған, деді министрлікте.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.