Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы – Бішкек тас жолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Алматы – Бішкек тас жолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Қарасай ауданындағы 19-27 шақырым учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды

QazMonitor Logo
Фото: ҚазАвтоЖол
Фото: ҚазАвтоЖол

Алматы облысындағы халықаралық маңызы бар «Алматы – Бішкек» автожолының 19–27 шақырым аралығында күрделі жөндеу және кеңейту жұмыстары басталды. Жоба аясында жол төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі, деп хабарлайды QazMonitor «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық компанияның мәліметінше, бұл учаске Қазақстандағы ең жүктемелі бағыттардың бірі саналады. Мұнда тәулігіне 70 мыңнан астам көлік қатынайды. Жобаның мақсаты – Алматыға кіріп-шығу өткізу қабілетін арттырып, жол қозғалысының қауіпсіздігін жақсарту және көлік кептелісін азайту.

Жоба аясында екі жаңа көлік айрығы, тоғыз жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар, сыртқы жарықтандыру жүйесі және жаңа жол жабыны салынады. Сонымен қатар инженерлік коммуникациялар көшіріледі.

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, жолды сегіз жолаққа дейін кеңейту көлік ағынын тиімді өткізуге мүмкіндік беріп, Алматы мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы жол жүру уақытын қысқартады.

Бұған дейін «Алматы – Қаскелең» автожолын да сегіз жолаққа дейін кеңейту жоспарланғаны хабарланған болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.