2026 жылғы 2 қыркүйектен бастап №81/82 «Нұрлы жол – Орал» бағытындағы Тальго жолаушылар пойызының құрамына әйелдер вагоны енгізіледі, деп хабарлайды QazMonitor «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, мұндай шешім аталған қызметке жолаушылар тарапынан сұраныстың жоғары болуына байланысты қабылданған.
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» пойызы Астана мен Батыс Қазақстан облысы арасындағы тұрақты теміржол қатынасын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта пойыз күнара қатынайды.