Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда жыл соңына дейін ЖЭК-тің тағы үш нысанын іске қосу жоспарлануда

Қазақстанда жыл соңына дейін ЖЭК-тің тағы үш нысанын іске қосу жоспарлануда

Биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын 10 жаңартылатын энергия нысаны пайдалануға беріледі

QazMonitor Logo
Фото: ҚР Энергетика министрлігі
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Биыл елімізде жалпы қуаты 245 МВт болатын ЖЭК-тің 10 нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Қазірдің өзінде жалпы қуаты 212 МВт болатын 7 нысан іске қосылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Пайдалануға берілген нысандардың қатарында Қостанай облысындағы қуаты 50 МВт «Aspan Energo» ЖШС жел электр станциясы, Маңғыстау облысындағы қуаты 20 МВт «Stellar Energy» ЖШС күн электр станциясы және Қостанай облысындағы қуаты 22,6 МВт «Altyn Solar Energy» ЖШС күн электр станциясы бар.

Сонымен қатар Жетісу облысында қуаты 20 МВт «Jetisu Terra Power» ЖШС күн электр станциясы пайдалануға берілді. Қарағанды облысында «Гиперборея» ЖШС-нің жалпы қуаты 100 МВт болатын үш жел электр станциясы іске қосылды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Қызылорда облысында қуаты 30 МВт «Альхена» ЖШС-нің күн электр станциясы жобасын, сондай-ақ Түркістан облысында қуаты 3,2 МВт «Тауэнерго» ЖШС-нің шағын гидроэлектр станциясын салуды аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

ЖЭК жобаларын іске асыру Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жобалар елдің энергия теңгеріміндегі экологиялық таза генерация үлесін арттыруға ықпал етеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.