Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада Қызылорда мен Атырау облыстарының жәрмеңкесі өтеді

Астанада Қызылорда мен Атырау облыстарының жәрмеңкесі өтеді

Өңірлік жәрмеңкелер 25 қазанға дейін әр демалыс сайын ұйымдастырылады

QazMonitor Logo
Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Астанада 19-20 қыркүйек күндері өңірлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің сериясы басталады. Алғашқы болып Қызылорда және Атырау облыстары өз өнімдерін ұсынады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, азық-түлік және басқа да тауарларды отандық өндірушілер мен фермерлерден тікелей сатып ала алады

Жәрмеңке сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» ипподромының автотұрағында өтеді. Жәрмеңке өтетін жерге №18, 37 және 303 автобустар қатынайды.

Айта кетейік, өңірлік жәрмеңкелер Астанада 25 қазанға дейін әр демалыс сайын ұйымдастырылады:

* 19–20 қыркүйек — Қызылорда және Атырау облыстары;

* 26–27 қыркүйек — Абай, Алматы және Маңғыстау облыстары;

* 3–4 қазан — Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары;

* 10–11 қазан — Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары;

* 17–18 қазан — Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстары;

* 24–25 қазан — Қарағанды және Қостанай облыстары.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.