Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Президент Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 желтоқсан, 2025 | 14:17
1 минут - оқу уақыты

Президент Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты

Мемлекет басшысы бейтараптық саясатының өңірлік тұрақтылыққа қосқан үлесін атап өтті

QazMonitor Logo
Telegram / Aqorda
Telegram / Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күніне және Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған халықаралық форумға қатысты.

Президент іс-шара барысында түрікмен халқының ұлт көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов пен Президент Сердар Бердімұхамедовті мерейтойлық дата­мен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Түрікменстанның бейтараптық саясаты Еуразия кеңістігінің тұрақтылығы мен орнықты дамуына маңызды үлес қосып келеді. Форумда көтерілген бастамалар бейтараптық ұғымына қазіргі кезең тұрғысынан жаңа көзқарас қалыптастыруға негіз болады.

Президент Түрікменстанның бейтарап позициясы елдің мәдени және рухани дәстүрлерімен үндесетінін атап өтті.

«Түрікмен классикалық әдебиетінің негізін қалаушы, Шығыстың көрнекті ойшылы Мақтымқұлы Пырағы: «Тыныштық болса ел өседі, әділдік болса сенім күшейеді» деген. Ұлы данышпанның дүниені терең таныған идеялары қазіргідей алмағайып халықаралық жағдайда да өте өзекті бола түскені сөзсіз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дереккөз: Ақорда

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.