Түркістанда джинсы маталарын шығаратын кәсіпорынның іргетасы қаланды. Онда жылына 10 млн метр мата шығаруды жоспарланып отыр.
Мақта-мата жібін иіру мен джинсы маталарын өндіру желілерінің құрылысының капсуласын салуға қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде мақта кластерін дамыту жұмысы басталғанын айтты. Оның сөзінде, бұдан былай өңірдегі мақта 100 пайыз обыста өңделіп, дайын өнімдер шығарылады.
«Мұнда жылына 30 мың тонна мақта-мата жібі мен 10 млн метр джинсы маталары өндіріледі. Дайын өнімдер Еуропа мен Орталық Азия елдеріне экспортқа шығарылады. Жоба толық жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылуда. Бұл жаңа зауыт – импортты алмастыруға, экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған ірі жоба. Осы нысан іске қосылғанда Түркістан – Қазақстандағы тоқыма орталықтарының біріне айналары анық», деді Көшеров.
Аталған нысанда жылына 10 млн метр джинсы маталары өндіру көзделген.. Жобаның жалпы құны 23,3 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ зауытта мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
«Turan» арнайы экономикалық аймағында орналасқан нысан жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Жобаны үш кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Дереккөз: Түркістан облысы әкімдігі