2025 жылы Қазақстанда үш газ кен орны пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін үкіметтің биылғы жылдың қорытынды баспасөз конференциясына Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.
Биыл Қайыргелді, Тұзкөл және Тасболат жаңа үш газ кен орыны пайдалануға берілген. Тасболат кен орнын іске қосу Маңғыстаудағы Қазақ газ өңдеу зауытының қуатын толықтыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар министр 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілгенін айтты.
«Табиғи газ шалғай өңірлердің тұрғындары үшін қолжетімді игілікке айналып, елдегі газбен қамту деңгейі 64,2%-ға жетті. 2025 жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді. Бұл мақсаттарға 112 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», деді министр.
Оның айтуынша, Ақмола облысында 100 мыңнан астам тұрғын тұратын Қосшы қаласы мен Талапкер ауылы газбен қамтылды. Астанада газбен қамту деңгейі шамамен 97%-ға жетіп, ірі тұрғын алаптары қосылды. Жыл соңына дейін Үркер шағын ауданында газ желілерін тарту жұмыстары толық аяқталады.
Түркістан облысында 100 мың тұрғын газбен қамту аясында құны 10 млрд теңгеден астам жобалар жүзеге асырылды. Сондай-ақ Жетісу облысында ұзындығы 300 шақырым «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры пайдалануға берілді. Жамбыл облысында да газ құбырларын жүргізу жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Батыс Қазақстан облысында «Ростоши – Тайпақ» жоғары қысымды газ құбырының құрылысы басталды, бұл Ақжайық және Теректі аудандарының жылдар бойғы газ тапшылығын шешуге мүмкіндік береді.
Дереккөз: Үкімет