«Қазақстанның Автокөлік Одағының» (ҚАО) мәліметінше, 2025 жылғы қараша айында елімізде 25 804 жеңіл автокөлік пен коммерциялық техника сатылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,7%-ға жоғары. Қараша айы айлық сатылым бойынша рекорд орнатып, 2025 жылды Қазақстандағы ресми авторитейл тарихындағы ең нәтижелі жылдардың біріне айналдырды.
Жыл басынан бері 11 айда отандық дилерлер 207 616 жаңа автокөлік өткізді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,6%-дық өсім тіркелгенін көрсетеді.
ҚАО президенті Анар Мақашеваның айтуынша, 2025 жылдың 11 айындағы сатылым көлемі былтырғы жылдың толық көрсеткішінен асып түсті. Алда сатылым белсенді болатын желтоқсан айы күтілуде. Дилерлер қаржыландыру құралдарын кеңейтіп, арнайы ұсыныстар мен акцияларды іске қосқан.
Қарашадағы ең көп сатылған маркалар
Chevrolet – 7 777 автокөлік (+76%)
Hyundai – 5 261 (+37,9%)
Kia – 1 990 (+23,1%)
Jetour – 1 326 (+43,7%)
Toyota – 1 252 (+3,4%)
Үздік ондыққа сондай-ақ Chery, Haval, Changan, Geely және Jac маркалары кірді.
Қараша айында сұранысқа ие болған модельдер:
1. Chevrolet Cobalt – 7 105
2. Hyundai Tucson – 1 945
3. Kia Sportage – 1 320
4. Hyundai Mufasa – 1 019
5. Hyundai Elantra – 907
Үздік ондыққа енген барлық модельдер Қазақстанда құрастырылған.
Жыл басынан бергі сатылым көлемі бойынша:
Hyundai – 45 220 автокөлік (+19,3%)
Chevrolet – 33 486 (+26,5%)
Kia – 21 481 (+1,9%)
Jetour – 13 012 (+55,6%)
Chery – 12 518 (-7%)
Дереккөз: ҚАО