2025-2026 жылдардың қысқы маусымында Алматы қаласында тұрғындар үшін 11 әлеуметтік, яғни тегін мұз айдыны жұмыс істейді. Қаланың әр ауданында орналасқан мұз айдындары қыс бойы келушілерге ашық болады.
Әлеуметтік мұз айдындары Бостандық, Алатау, Медеу, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу және Алмалы аудандарында орналасқан. Атап айтқанда, Бостандық ауданында Тұңғыш Президент саябағы мен Тұңғыш Президент Қорының саябағында, Алатау ауданында «Almaty Arena» аумағында, Медеу ауданында Республика сарайы маңында, «Халық Аренада» және 28 панфиловшылар саябағында мұз айдындары бар.
Сондай-ақ Наурызбай ауданында мұз айдыны аудан әкімдігі аумағында, Түрксіб ауданында «Авиатор» стадионында, Жетісу ауданында «Kokjiek Garden» мен «Гүлдер» саябақтарында, ал Алмалы ауданында ҚБТУ автотұрағы аумағында жұмыс істейді.
Барлық әлеуметтік мұз айдындарына кіру тегін.
Дереккөз: Алматы қаласының әкімдігі