Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан күнбағыс майы экспорты бойынша әлемде 8-орынға көтерілді

Қазақстан күнбағыс майы экспорты бойынша әлемде 8-орынға көтерілді

Елімізде тазартылған күнбағыс майы экспорты 122%-ға артқан

QazMonitor Logo
Freepik
Freepik

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін 70 пайызға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстанның май саласы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Соның нәтижесінде республика күнбағыс майын экспорттаушы елдердің әлемдік рейтингінде 8-орынға көтерілді деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығы басқармасының төрағасы Ядыкар Ибрагимовтың айтуынша, 2025 жылдың 10 айында тазартылған күнбағыс майының экспорты 122 пайызға өсіп, 132 мың тоннадан асып жығылды. Сонымен қатар елімізден тысқары жерлерге жөнелтілген жалпы өнім көлеміндегі жоғары деңгейде өңделген тауарлардың үлесі 25 пайызға жеткен. Бір жыл бұрын дәл осы көрсеткіш 18 пайыздан аспаған болатын.

Саланы одан әрі дамытуға 2026 жылы іске қосылатын, жиынтық қуаты жылына 370 мың тонна болатын төрт ірі инвестициялық жоба серпін бермек. Бұл жобалар Қазақстанның алдағы екі-үш жыл ішінде Орталық Азия мен Таяу Шығыс нарықтарындағы орнын нығайта түспек.

«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту бойынша нақты міндет қойды. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың және шикізаттық емес экспортты қолдаудың нәтижесінде бұрын нетто-импорттаушы болған Қазақстан соңғы жылдары елеулі жетістіктерге жетті. Биыл әлемдік рейтингте алтыншы орынға көтерілеміз деп күтіп отырмыз. Орта мерзімді перспективада мақсатымыз – ТОП-5 қатарына кіру, ал болашақта күнбағыс майын әлемдегі ең ірі үш жеткізушінің қатарына қосу», – деп атап өтті Ядыкар Ибрагимов.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.