Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. «Халық бухгалтері» акциясы: Қазақстанда шағын бизнеске тегін салықтық көмек көрсетіледі

«Халық бухгалтері» акциясы: Қазақстанда шағын бизнеске тегін салықтық көмек көрсетіледі

Акция 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес иелеріне арналған ауқымды «Халық бухгалтері» акциясы басталады. ҚР Қаржы министрлігі қолға алған бұл бастама бизнес өкілдеріне бухгалтерлік есеп пен салықтық есептілікті қатесіз жүргізуге көмектесіп, мемлекет пен кәсіпкер арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеруді көздейді.

Еліміздегі салық жүйесінің күрделілігі мен цифрландыру процестерінің жеделдігі шағын бизнес үшін белгілі бір қиындықтар тудырып жатады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында іске қосылған «Халық бухгалтері» акциясы 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Бұл тек кеңес беру емес, кәсіпкерлерді бақылаудан гөрі қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың айқын көрінісі болады.

Мемлекеттік кірістер комиетінің мәліметінше, акция аясында кәсіби бухгалтерлер, аудиторлар және мемлекеттік кірістер органдарының ең тәжірибелі мамандары кәсіпкерлерге салықтық есептілік және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мәселелерін қарапайым тілмен түсіндіріп береді.

Кеңес алу процесі барынша қолжетімді болуы үшін қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармаларында арнайы офлайн қабылдау нүктелері ашылады. Олар «Халық бухгалтері» деген арнайы маңдайшалармен белгіленеді.

Кеңес беру кестесі қаңтар-ақпан айларында аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін, ал наурыздан бастап аптасына 2 рет деп белгіленген.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін консультациялар қаланың барлық аудандарындағы арнайы орындарда өткізіледі. Ал шалғай өңірлерде мамандардың аудандарға баруы және бейнебайланыс арқылы кеңес беру жүйесі ұйымдастырылады деп атап өтті комитетте.

Кездесулерден бөлек, кәсіпкерлер заманауи технологиялардың игілігін пайдалана алады. Ақпараттық құралдар көмегімен онлайн-консультациялар өзкізу де жоспарланып отыр.

Қазір Мемлекеттік кірістер комитеті арнайы қадамдық нұсқаулықтары бар буклеттер әзірлеуде. Бұл құжаттар салық заңнамасын терең білмейтін бастауыш кәсіпкерлер үшін таптырмас құрал болады.

Еске салсақ, 2026 жылдың 1 қаңтарында жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Соған сәйкес, қосылған құн салығы (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға көтеріледі. Ал корпоративтік табыс салығының (КТС) мөлшерлемелері қызмет түріне қарай сараланатын болады: базалық ставка 20%. Қаржы министрі Мәди Такиев жаңа жылдан бастап салық жүйесінде болатын өзгерістер туралы айтты. Оның сөзінше, есептілік қысқарып, айыппұлдар жойылады: салықтық әкімшілендіру жаңа форматқа өтеді, шағын бизнеске қысым азаяды. Сонымен қатар Қазақстанда ҚҚС бойынша декларацияны алдын ала толтыруға болады. 

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.