Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Мал шаруашылығы - 2030: Ет экспорты 2 есе артып, шопандарға жеңілдік беріледі

Мал шаруашылығы - 2030: Ет экспорты 2 есе артып, шопандарға жеңілдік беріледі

Қазақстан Үкіметі мал санын арттыру мен экспортты еселеудің жаңа жоспарын бекітті

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстанда мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімінің 39%-ын құрағанымен, саланың жылдық өсімі әлі де төмен (2-3%). Үкімет саланың әлеуетін толық ашу үшін 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылдады, деп хабарлайды QazMonitor.

Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, бес жыл ішінде негізгі көрсеткіштерді айтарлықтай өсіру көзделеді. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәліметінше, атап айтқанда ірі қара санын 7,9 млн-нан 12 млн-ға, ұсақ малды 20,2 млн-нан 28 млн-ға жеткізу Ет өндірісін 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайтып, ет экспортын 2 есе арттырып, 165 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. 

Шаруаларға қолжетімді болу үшін бірнеше бағытта жеңілдетілген несиелер беріледі. Оның ішінде асыл тұқымды мал сатып алуға жылдық 6%-бен несие беріледі. Жайылым мен инфрақұрылымға шалғайдағы шаруашылықтар үшін 6%-бен 50 млрд теңге бөлінеді.

Сондай-ақ мал азығын дайындайтын техникаға 5%-дық мөлшерлеме қарастырылған. Айналым қаражатын толықтыру үшін саланы дамытуға жалпы сомасы 225 млрд теңге 5%-бен несиеге беріледі. Даму қоры кепілдік беру арқылы көмектеседі.

Сонымен қатар Қазақстанда алғаш рет малшылардың әлеуметтік жағдайына баса назар аударылды. Енді шопандар мен қойшылар 55 жасқа толғаннан кейін арнайы әлеуметтік төлем алу құқығына ие болады. Ал сала мамандары үшін ауылдық жерлерде тұрғын үйлер салынады.

Бұған қоса экспортқа шығу үшін ветеринариялық нысандар жаңартылып, базарларда күнделікті бақылау күшейтіледі. Пайдаланылмай жатқан жайылымдар мемлекетке қайтару жұмысы жалғасады. Қазірдің өзінде астық егетін үш өңір бойынша 330 шаруашылық ерекше бақылауға алынған. 

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.