Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Тұлғалар
  3. Қарағандыда «Қазақша сөйле» тілдік клубы тегін жұмыс істейді: Кімдер қатыса алады?

Қарағандыда «Қазақша сөйле» тілдік клубы тегін жұмыс істейді: Кімдер қатыса алады?

«Шырақ» орталығы мемлекеттік тілде еркін сөйлеуді үйрететін ашық форматтағы кездесулер өткізуде

QazMonitor Logo
Фото: «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы ұсынды
Фото: «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы ұсынды

Қарағандыда қазақ тілінде еркін сөйлеуді қалайтындарға арналған «Қазақша сөйле» тілдік клубы жұмыс істеп тұр. Жоба тіл деңгейіне қарамастан барлық ниет білдірушілерге ашық және тегін форматта өтеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Жұмысын былтыр бастаған клубтың негізгі аудиториясы - қазақ тілін түсінгенімен, ауызша сөйлеуде қиналатындар және жаңадан үйреніп жүргендер. Қатысушылар қатарында 20-40 жас аралығындағы студенттер, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, мұғалімдер мен жекеменшік сектор мамандары бар.

Сабақтар дәстүрлі тіл курстарынан өзгеше форматта өтеді: мұнда грамматика жаттауға емес, сөйлеу тәжірибесіне басымдық беріледі. Кездесулер еркін әңгімелесу, тақырыптық талқылау, рөлдік ойындар және тұрмыстық жағдайларды талдау форматында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар сөздік қоры шектеулі болса да.алғашқы сабақтан бастап-ақ сөйлей бастайды.

Жоба Қарағанды әкімдігіне қарасты «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының бастамасымен жүзеге асуда. Клубтың басты мақсаты - тілдік орта құрып, психологиялық кедергіні жою.

Орталық директоры Эльмира Сайлауқызының айтуынша, тұрақты қатысушылар арасында айтарлықтай нәтиже бар. Кейбірі бастапқыда қазақ тілін мүлдем білмесе де, бірнеше ай ішінде күнделікті тақырыптарда еркін сөйлесуге жеткен.

Алдағы уақытта клуб онлайн-кездесулерді іске қосып, сөйлесу интенсивтерін өткізу, ұйымдармен серіктестік орнату және ашық іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.